Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
От Луки
Параллельные места
Жар салған дауыс шығады айдалада:«Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар!Құдайымызға арнап иен даладаТүзу қылып даңғыл жолды салыңдар! «Біліп алыңдар, Мен алдымнан хабаршымды жіберемін, ол жүретін жолымды дайындап қояды. Сендер іздеп жүрген Жасаған Ие кенеттен Өзінің ғибадатханасына келеді. Сендер аңсап жүрген Келісімнің Хабаршысы еш шүбәсіз келетін болады», — деп ескертеді Әлемнің Иесі. Біліп қойыңдар, «Жаратқан Иенің ұлы да қорқынышты соты күні» келмес бұрын Мен сендерге Ілияс пайғамбарды жіберемін. Ишая пайғамбардың ежелде былай деп алдын ала айтқаны Жақия туралы болатын:«Жар салған дауыс шығады айдалада:Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар,Түзу қылып даңғыл жолды салыңдар!» Сонда нені көруге бардыңдар? Бір пайғамбарды ма? Иә, сендерге айтамын: Жақия тіпті пайғамбардан да артық! Ілияс пайғамбарға дарыған Құдайдың Рухы мен күшіне ол да бөленіп, Иеміздің алдынан жүретін болады. Әкелерді балаларымен татуластырып, қыңыр мінезділерді әділ жандардың тура жолына бет бұрғызады. Осылайша ол халықты Иеміздің келуіне әзірлейді. —
Выбор основного перевода