Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
От Луки
Параллельные места
сендер құрсақтан шыққан тұңғыштарды Жаратқан Иеге бағыштаңдар! Қолдағы бар малдың тұңғыш туған еркек төлдерін Жаратқан Иеге арнап құрбандыққа шалыңдар. Ендеше Тәңір Иенің Өзі сендерге осыны істейтіндігін дәлелдейтін кереметті жасайды:Біліп алыңдар, пәк қыз құрсақ көтеріп, ұл туады. Оған Имануил (яғни «Құдай бізбен бірге») деген ат қояды. Сендердің әділетсіз істеріңді тоқтатып, күнә жасауларыңды қойдырып, өздеріңді зұлымдықтың арамдығынан тазарту үшін, әрі мәңгілік әділдікті әкеліп, аяндар мен пайғамбарлық сөздерді бекітіп, киелі үйдегі ең қасиетті бөлімді қайтадан Құдайға бағыштау үшін сенің халқыңа және Құдайға бағышталған Иерусалим қаласына жетпіс рет «жеті кезең» белгіленген. Иса Мәсіхтің дүниеге келуі былай болды: Оның анасы Мәриям Жүсіпке айттырылған еді. Ал екеуі әлі де қосылмай тұрғанда-ақ, Киелі Рухтың құдіретімен Мәриямның аяғы ауыр екендігі белгілі болды. Бірақ ол осыны ойлап жүргенде Жаратқан Иенің періштесі түсінде аян беріп:«Дәуіттің ұрпағы Жүсіп, қалыңдығың Мәриямға үйленуден шошынба! Себебі құрсағындағы Баласы Киелі Рухтан. Сонда азғырушы әзәзіл Оның қасына келіп:— Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына тастар нанға айналсын деп бұйыра гөр! — деді. — Назареттік Иса, бізде нең бар? Бізді құртуға келдің ғой! Кім екеніңді білемін: Сен Құдайдың Киелісісің! — деп айқайлады. Ол өте мәртебелі болып, Құдай Тағаланың рухани Ұлы деп аталады. Құдай Ие Оған арғы атасы Дәуіттің тағын сыйлайды. Иса оларға былай деді:— Сендер жерденсіңдер, Мен көктенмін. Сендер осы күнәкар дүниенің адамысыңдар, ал Мен осы дүниелік емеспін. Құдай Оны көкке көтеріп, Көсем және Құтқарушы ретінде Өзінің оң жағындағы ең құрметті орынға көтеріп жайғастырды. Осылай Ол Исраилдің бетін теріс жолдан қайтарып, күнәларын кешірмек. Бұл Ізгі хабарда Құдайдың рухани Ұлы туралы сөз болады. Ол адам ретінде Дәуіт пайғамбардың әулетінен шыққан еді. Өткен заманда Құдай әлденеше рет түрлі жолдармен өз хабарын ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы жеткізіп отырған. Ал Ұл туралы былай делінген:«Сенің тағың, о, Құдай, сақталады мәңгілік,Патшалығыңа жүргізесің әділ билік.
Выбор основного перевода