Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
От Луки
Параллельные места
Мұнда Иса Мәсіх — Құдайдың рухани Ұлы туралы Ізгі хабардың бастамасы жайында баяндама берілген. Тастақ жерге түскендері мынаны көрсетеді: адамдар Ізгі хабарды естіген бойда оны қуанышпен қабылдайды, бірақ тамыр жаймағандықтан уақытша ғана сенеді. Олар сынақтан өтіп жүрген кезде сенімдерінен безіп кетеді. Ал құнарлы топыраққа себілген тұқымдар мынаны бейнелейді: бірсыпыра адамдар Құдайдың хабарын тыңдап, ізгі де таза жүректерінде сақтап, шыдамдылықпен өнім береді. Сендер де куәлік бересіңдер, себебі қызметімнің басынан бастап қасымда болып келесіңдер. Ал біз Құдайға сиынып, Оның сөзін уағыздап, тәлім беру қызметімізді жалғастыра берейік». Бытырап кеткен сенушілер ел аралап, Ізгі хабарды таратып жүрді. Степан өлгеннен кейін қуғынға ұшырап, бытырап кеткен сенушілер сол екі арада Финикия өлкесіне, Кипр аралына және Сирияның астанасы Антақияға дейін барған еді. Олар Ізгі хабарды тек яһудилерге ғана уағыздап жүрді. Араларыңдағы қауым жетекшілері! Мен өзім де сендермен қызметтес қауым жетекшісімін, Мәсіхтің шеккен азаптарының куәсімін. Ол қайта оралғанда ашық көрінетін салтанатты ұлылығын бөлісетін де боламын. Сендерге ескертетінім мынау: Біз сендерге Иеміз Иса Мәсіхтің зор құдіретпен қайта оралуы туралы білдіргенде, қулықпен қиыстырылған аңыз-ертегілерге сүйенген жоқпыз. Керісінше, біз Иеміздің салтанатты ұлылығын өз көзімізбен көрген куәгерлер болған едік. Әуел баста Ол бар болатын. Біз Оны естіп, көзімізбен көріп, Оған анықтап қарап, қол тигіздік. Ол — шынайы өмір сыйлайтын «Сөз». Сендерге Сол туралы айтып береміз, егер біз сондай керемет құтқарылуды елемесек, онда жазадан қалайша құтылмақпыз? Осы құтқарылуды алғашқыда Иеміздің Өзі паш еткен еді. Оны өз құлақтарымен естіген куәгерлер кейін соған біздің де көзімізді жеткізді.
Выбор основного перевода