Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Сонда Ол:— Ей, түйсіксіз, жүрегі шеменденген шабандарым-ай! Пайғамбарлардың алдын ала айтқандарының бәріне шын жүректен сенбегенсіңдер! оларға Мұса мен бүкіл басқа пайғамбарлардан бастап, Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндірді. Иерусалимнің тұрғындары және олардың басшылары Исаны танымай, соттады. Сол ісі арқылы олар пайғамбарлардың алдын ала айтып кеткен әрі біз әр демалыс сайын оқып жүрген сөздерін жүзеге асырды. Құдайдың сендерге беретін рақымы туралы алдын ала айтқан пайғамбарлар кезінде осы құтқарылу жайында мұқият ізденіп, зерттейтін. Оларға дарыған Мәсіхтің Киелі Рухы Оның төзуге тиісті азаптары және бұған жалғасатын салтанатты ұлылығы жөнінде алдын ала хабарлағанда, пайғамбарлар бұл оқиғалардың қалай және қай уақытта болатынын білуге тырысты.
Выбор основного перевода