Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Жақия пайғамбар Ол туралы дауыстап куәлік етіп:— Менен кейін Келе Жатқанның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын деген Кісім Осы, — деді. Мен Киелі Рухтың Исаға қонғанын көріп, Оның Құдайдың рухани Ұлы екеніне куәгер болдым, — деді. Иса Мәсіх бізге келгенде сумен шомылдыру рәсімін де, жанын қиып, қанын төгуді де басынан өткізді. Ол келгенде тек сумен шомылдыру рәсімінен өтіп қана қойған жоқ, жанын қиып, қанын төкті де. Киелі Рух бұған куә, себебі Киелі Рух — шындық. Сонымен куә болатындар үшеу: Киелі Рух, су және қан; бұл Үшеуінің айғақтығы бірдей. Адамдардың куәлігін қабылдап жүрміз. Ал Құдайдың куәлігі адамдікінен гөрі салмақтырақ. Сондықтан Құдайдың Өзінің рухани Ұлы жайында берген куәлігіне сенуге тиіспіз.
Выбор основного перевода