Сонда парызшылдар Оған:— Сен Өзіңе-Өзің куәсің, сондықтан куәлігің жарамайды, — деді.
Иса былай деп жауап берді:— Мен Өзіме-Өзім куә болсам да, куәлігім жарап тұр. Себебі Мен қайдан келгенімді, қайда баратынымды білемін. Ал сендер Менің қайдан келгенімді, қайда баратынымды білмейсіңдер.