Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Менің айтып тұрғанымды неге түсінбейсіңдер? Себебі Менің сөзімді естіп тұра алмайсыңдар. Қарауыл оған есік ашып, қойлар оның даусын естіп таниды. Бағушы өз қойларын атымен шақырып, далаға шығарады. Мәсіхпен тығыз байланысқандықтан сендер «рухани сүндеттелдіңдер» де. Бұл — қолмен істелген тәннің сүндеттелуі емес, Мәсіхтің «рухани сүндеттеуі», яғни Оның ескі күнәкар болмыстарыңды түгелдей алып тастауы. Сендер Мәсіхпен бірге рухани тұрғыдан «жерлендіңдер» әрі Мәсіхпен бірге «қайта тірілдіңдер». Бұл Құдайдың Мәсіхті Өзінің құдіретімен өлімнен қайта тірілткеніне деген сенімдерің арқылы болды. Шомылдыру рәсімінен өткендерің соны білдіреді. Бұрын сендер Құдайдың бұйрықтарын бұзып, «рухани сүндеттелмеген», яғни күнәкар болмыстарыңа тәуелді болып, рухани тұрғыдан өлі едіңдер. Алайда Құдай сендерді Мәсіхпен бірге қайта тірілтіп алды. Ол күллі күнәларымызды кешірді: бізге айып тағып, үкім белгілейтін «құжатты» Мәсіх құрбан болған айқышқа «шегелеп іліп қойып», күшін жойды. Осылайша Құдай рухани билеушілер мен әміршілердің күш-қуатын талқандап, оларды бүкіл әлем алдында әшкерелеп, Мәсіхтің істегендері арқылы жеңіп шықты.
Выбор основного перевода