Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Себебі Мен елде сондай бақташыны шығарамын. Ол отардың ішіндегі құрып бара жатқандарының қамын да ойламайды, адасып кеткен төлдерін де іздемейді, ауырған қойларын да емдемейді, сауларын да күтпейді. Керісінше, ол семіздерінің етін жалмап, тіпті тұяқтарына дейін шағып жеп тауысады. Отарын тастап кеткен жаман бақташы қасіретке қалады-ау! Семсер оның қолы мен оң көзіне қадалсын! Сонда оның қолы әбден солып, оң көзі мүлдем көрмей қалады!» Естеріңде болсын: Мен сендерді қасқырлар арасына жіберілген қойлар сияқты жіберіп отырмын. Сондықтан жыландай көреген, көгершіндей ақкөңіл болыңдар! Мен кеткен соң, жауыз қасқырлар келіп, қойларды аямайтынын білемін.
Выбор основного перевода