Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
«Міне, Менің қолдап жүрген Қызметшім,Жаным рақат табатын таңдаулым!Оған қондырдым Өзімнің Рухымды,Ол халықтарға жеткізбек әділ үкімді. Қызметшім ақырмайды да айқайламайды,Оның даусы көшелерде шықпайды. Ол майысқан таяқты сындырмайды,Бықсыған білтені де сөндірмейді,Шынында әділдікті орындайды. Ол соны берік орнатқанша жер бетінеКүші тасып, алған бетінен қайтпайды.Алыс елдер үміт артар оның тәліміне». Ал енді, Жақыптың үрім-бұтағы, Исраил халқы, сені жаратып қалыптастырған Тәңір Ие мынаны айтады: «Қорықпа, Мен сені құныңды төлеп құтқарып алдым. Сені өз атыңмен шақырдым: Сен Мендіксің! Қараңғы жерлерде сақталған қазыналарды, жасырын орындарда жатқан байлықтарды саған табыс етемін. Осылай Менің кім екенімді білетін боласың: сені атыңды атап Өзіме қызмет етуге шақырған Жаратқан Иемін, Исраилдің Құдайымын! Өзімді әлі білмеген кезіңде-ақ сені атыңды атап шақырып, жоғары лауазымға тағайындаймын. Мұны өз қызметшім үшін, Жақыптың үрім-бұтағы, таңдап алған Исраил халқым үшін істеймін. Әлгілер бұған қарсы шығып:— Сен тұла бойың түгел күнәкар боп тудың, енді бізге ақыл үйретпексің бе?! — деп, оны мәжілісханадан қуып шықты. Иса діндарлардың әлгі кісіні қуып жібергені туралы естіді. Содан Ол оны тауып алған соң, оған:— Көктен келген Билеушіге сенесің бе? — деген сұрақ қойды. — Мырза, Соның кім екенін айтыңызшы, мен Оған сенейін. — Сен Оны көрдің, сенімен сөйлесіп тұрған — Соның Өзі. — Ием, Сізге сенем! — деп, әлгі адам Оның аяғына жығылды. Мен «есікпін», Менен кіргендер құтқарылады. Олар емін-еркін кіріп-шығып, жайылым табады. Бұл отардан басқа да қойларым бар, соларды да алып келуім керек. Олар даусымды естіп таниды, сонда барлығы бір-ақ Бағушысы бар біртұтас отар болады. Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді. Сонда Иса оған:— Мәриям! — деп үн қатты. Мәриям Исаға бұрылып:— Раббуни! — деді. Бұл сөз «Ұстаз!» деп аударылады. Сондықтан біз ескі құлшылық ету рәсімдерінен аулақ шығып, Мәсіхке еріп, Оның көрген қорлығын бөлісейік.
Выбор основного перевода