Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
От Иоанна
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Мен оған Әке боламын, ал ол Менің рухани ұлым болады. Егер ол жамандық істесе, оны басқа адамдар арқылы, олардың таяқтары арқылы жазалаймын. Паш етейін Жаратқанның жарлығын:«Рухани ұлымсың, — деді Ол маған.— (Өзіңді патшалыққа тағайындап)Мен бүгінгі күні Әке болдым саған. Жаратқан Ие сенің үкіміңнің күшін жойып, жауыңды кері қайтарды. Исраилдің Патшасы Жаратқан Ие араңда тұр, Ол саған жар! Енді қайтып пәледен қорықпайсың. «Яһудилердің жаңа туған Патшасы қайда екен? Біз Оның жұлдызының шығыс жақтан туып, жарқырағанын көрдік. Жаңа туған Патшаға ізет білдіру үшін келіп тұрмыз», — деп сұрастыра бастады. Сонда қайықтағылар:— Сіз шынымен де Құдайдың рухани Ұлысыз! — деп, Оған иіліп тағзым етті. Шимон Петір:— Сіз Мәсіхсіз, мәңгі тірі Құдайдың рухани Ұлысыз! — деп жауап берді. Көктен: «Сен Менің сүйікті рухани Ұлымсың, Саған толықтай ризамын!» — деген дауыс шықты. Жын соққандар Оны көргенде, аяғына жығылып: «Сен Құдайдың рухани Ұлысың!» — деп айқайлады. «Исраилдің Патшасы Мәсіх» қазір-ақ айқыштан түссін! Көзімізбен көрейік, сонда Оған сенеміз», — десті. Жанындағы айқыштарға шегеленген қылмыскерлер де Исаны балағаттап тілдеді. Марта:— Иә, Ием, Сіздің пайғамбарлар дүниеге келеді деп алдын ала айтқан Мәсіх — Құдайдың рухани Ұлы екеніңізге сенемін, — деп жауап берді. қолдарына пальма бұтақтарын ұстап, қала сыртына шықты. Оны:«Жаратқан Ие мадақталсын! Жаратқанның атынан келе жатқан Исраилдің Патшасы жарылқанған!» — деп айқай салып қарсы алды. солардың ұрпақтары — біз үшін Исаны өлімнен қайта тірілту арқылы орындады. Забурдың екінші жырында былай деп жазылған: «Рухани Ұлымсың, Мен бүгінгі күні Әке болдым Саған».
От Иоанна
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Выбор основного перевода