Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
От Иоанна
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Бірде Ғалилея көлінің жағасымен келе жатып, Иса ағайынды екі жігітті: Шимон Петір мен інісі Әндірді көрді. Балық аулап күнелтіп жүрген олар көлге ау салып жатты. Иса оларға тіл қатып: «Соңымнан еріңдер! Мен сендерді балық аулағандарың сияқты бұдан былай адамдарды жинап әкелетін етемін», — деді. Екеуі дереу ауларын тастап, Исаға шәкірт болып ерді. Бірде Иса Ғалилея көлінің жағасымен келе жатып, Шимонды және оның інісі Әндірді көрді. Балық аулап күнелтіп жүрген олар көлге ау салып жатты. Иса оларға тіл қатып: «Соңымнан еріңдер! Мен сендерді балық аулағандарың сияқты, бұдан былай адамдарды жинап әкелетін етемін», — деді. Екеуі дереу ауларын тастап, Исаға шәкірт болып ерді. Иса тағы біразырақ жүргеннен кейін, Зебедейдің ұлдары Жақып пен Жоханды көрді. Екеуі қайықта ауларын жамап отыр екен. Иса оларды да бірден Өзіне шақырды. Екеуі әкелері Зебедейді жұмысшыларымен бірге қайықта қалдырып, Исаға шәкірт болып ерді. Иса көл жиегінде тұрған екі қайықты көрді. Олардан түскен балықшылар ауларын жуып жатты. Екі қайықтың бірі Шимондікі еді. Иса қайыққа отырып, Шимоннан жағадан арырақ жүзіп барып тұруын сұрады. Осылай ол қайық үстінен халыққа тәлім берді. Иса сөзін бітіргеннен кейін Шимонға:— Көлдің терең жеріне жүзіп барып, балыққа ау сал, — деді. Шимон:— Ұстаз, біз түні бойы еңбектеніп, түк ұстай алған жоқпыз! Бірақ Сіз айтқан соң ауларды тағы да салып көрейін, — деп жауап берді. Ауларын салғанда олар өте көп балық ұстады. Балықтың көптігінен аулары жыртыла бастады. Содан олар екінші қайықтағы жолдастарын қол бұлғап көмекке шақырды. Олар келгеннен кейін бәрі бірігіп екі қайықты да балыққа толтырды. Тіпті қайықтары суға бата бастады! Мұны көрген Шимон Петір Исаның аяғына жығылып:— Ием, қасымнан кете көріңіз, мен күнәкар адаммын! — деді. Себебі өзі де, қасындағылардың бәрі де осынша көп балық ұстағандарынан үрейлері ұша аңтарылды. Шимонның серіктері — Зебедей ұлдары Жақып пен Жохан да сондай күйде еді. Сонда Иса Шимонға:— Қорықпа! Сен балық аулағаның сияқты бұдан былай адамдарды жинап әкелетін боласың, — деді. Екі қайықты жағаға шығарғаннан кейін олар бәрін тастап, Исаға шәкірт болып ерді.
От Иоанна
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Выбор основного перевода