Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
От Иоанна
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Осы он екі елшінің есімдері мыналар: алдымен Шимон, ол Петір деп те аталатын, әрі соның інісі Әндір; сондай-ақ Зебедей ұлдары Жақып пен Жохан; Бұдан былай сенің атың Петір («Тас») болады. Осы іргетастың үстіне Мен Өзіме сенушілердің қауымын саламын. Оны өлімнің күштері де жеңе алмайтын болады. Исаның тағайындаған он екі елшісі мыналар еді: Өзі Петір деген қосымша ат қойған Шимон; Олар: Өзі Петір деген қосымша ат қойған Шимон және оның інісі Әндір; Жақып пен Жохан; Філіп пен Барталмай; Олар тамақтанып алғаннан кейін, Иса Шимон Петірден:— Жохан ұлы Шимон, сен Мені мыналарға қарағанда көбірек сүйесің бе? — деп сұрады.— Иә, Ием, Сізді жақсы көретінімді білесіз ғой.— Тоқты-қозыларымды бақ! Иса екінші рет:— Жохан ұлы Шимон, сен Мені сүйесің бе? — деп сұрады.— Иә, Ием, Сізді жақсы көретінімді білесіз ғой. — Иса оған:— Қойларымды бағып жүр! — деп тапсырды. Иса үшінші рет:— Жохан ұлы Шимон, сен Мені жақсы көресің бе? — деп сұрады.Иса: «Сен Мені жақсы көресің бе?» деп үшінші рет сұрағандықтан Петір мұңайып:— Ием, Сіз бәрін де білесіз, Сізді жақсы көретінімді де білесіз, — деді. Иса оған:— Қойларыма қарап жүр! Ол Кефаға (яғни Петірге), содан кейін он екі елшінің бәріне көрінді.
От Иоанна
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Выбор основного перевода