Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Жоқ, бәрі тайып кетті теріс жолға,Әбден бұзылды бірігіп барлығы да.Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да. Келгеніңде отты пешке тастайсың,Уа, Ием, қаһарыңмен талқандайсың,Оттың жалынымен түгел жалмайсың. Ябес ұлы Шаллум Зәкәрияхқа қарсы астыртын сөз байласып, оны халықтың көз алдында өлтіріп, оның орнына өзі патша болып алды. Себебі Ғади ұлы Менахим Тирса қаласынан Самарияға өрлеп барып, сол қалада Ябес ұлы Шаллумды қастандықпен өлтіріп, оның орнына өзі патша болып алды. Кейін оның Ремалиях ұлы Пақах деген бір нөкері оған қарсы астыртын сөз байласты. Сол Пақах елу ғилақадтық адамды ертіп алып, Пақиях патшаға және Арғоп пен Арие деген тағы екі адамға Самариядағы патша сарайының қорғанында бас салып, оларды өлтірді. Содан кейін Пақах Пақияхтың орнына өзі патша болып алды. Бұдан кейін Ила ұлы Ошия Ремалиях ұлы Пақахқа қарсы астыртын сөз байласып, оны өлтірді. Содан Пақахтың орнына Ошияның өзі патша болып алды. Бұл Яһуда еліне Ұзиях ұлы Жотамның патшалық құрған жиырмасыншы жылы орын алды. Ал ешқайсымыз Саған сиынып, рақым етуіңді сұрап жалынып-жалбарынбаймыз. Сен бізден бас тартып, бізді күнәміздің кесірінен жойылуға қалдырдың. Халық Маған, Алла Тағалаға, емес, Бағалға бет бұрады. Содан да олар қисық садақ сияқты пайдаға аспайды. Елдің әміршілері тілдерінен шыққан ашулы сөздердің кесірінен семсерден өледі. Сол үшін олар Мысыр елінде жұрттың күлкісіне қалады». Халық өзіне патшаларын тағайындады, бірақ олары Менің еркіме сай емес. Олар билеушілерін де қойды, бірақ Мен бұларын құптаған жоқпын. Өздерінің алтын-күмісінен халық жалған тәңір мүсіндерін жасап алды, әйтсе де олар құрып кетеді.
Выбор основного перевода