Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Олар жағымпазданды бірақ ауыздарымен,Жаратқанға жалған айтты тілдерімен, Шын жүректен Оған адал болмады,Келісімін Оның берік ұстанбады. Жасаған Ие мынаны айтады: «Бұл халық тек ауызбен алдыма келіп, Мені сөздерімен ғана сыйлайды, ал жүректері Менен тым алшақ. Адам баласы шығарған ережелерді үйретіп, Мені құрметтегенсиді, ал солары бекершілік! Ал осының бәріне қарамай Солтүстік Исраилдің опасыз «сіңлісі» Яһуда Маған шын жүрегімен емес, өтірік қайтып келді!» — дейді Жаратқан Ие. Халық жақсы жайылымға қоныстанғанда қарындары тоқ болды. Қарны тойынған кезде олар асқақтап, Мені естерінен шығарды. Олар өздеріне қарыздар адамнан кепілдікке алынған жамылғыны құрбандық үстелінің қасына төсеп жатады. Жұртқа айып төлетіп алған шарапты өздері табынған тәңірсымағының ғибадатханасында ішеді. Сендер піл сүйегімен әшекейленген төсек-орындарыңда жатасыңдар, төсектеріңде жатып шіренесіңдер. Жейтіндерің — отардың тоқтылары мен бордақы таналардың семіз еті. Егер алдамшы пайғамбарсымақ келіп: «Сендерге шарап пен сыраның мол болатыны жайлы жақсы хабар айтамын!» десе, мына халыққа керегі — дәл сондай пайғамбар!
Выбор основного перевода