Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Сендер қарғанып ант бергенмен алдайсыңдар, әрі кісі өлтіріп, ұрлап неке адалдығын бұзасыңдар. Халық адамгершіліктің шегінен асып кеткен, қан төгу қан төгумен ұдайы ұласқан. «Патшамыздың құрметіне жасалған той!» деп әміршілер шараптың қызуына елігіп кеткенде, патша өркөкірек мазақтаушыларды қолдайды. Ефрем халқы мені жалған сөздермен қоршап, Исраил халқы өтірікпен қамап жатыр. Яһуда халқы әлі де Құдайдан, Киелі Жасаған Иеден, тайып өз бетімен жүр. Екі қолы да жамандықты істеуге шебер-ақ, әмірші сый-тарту дәметеді, төреші де жемқор, ал ұлық өз қалағанын иемденеді. Бәрі осылайша сөз байласып істі бұрмалайды. Осындай күнәлар жасағандардың тартатын жазалары — өлім деген Құдайдың әділ үкімін сол адамдар біледі. Әйтсе де олар бұларды өздері істеп қана қоймай, солармен айналысатын басқаларды мақұлдап та отырады.
Выбор основного перевода