Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Бірақ Самуилдің жауабы мынау болды:— Жаратқан Иеге шын ұнайтын —Құрбандық пен басқа сый-тарту ма,Әлде Оған мойынсұнып, тілін алу ма?!Мойынсұну Оған артық сый-тарту атаулыдан,Еркіне бағыну қошқар майынан ұнамды Оған! Шалған малдарың үшін шағым айтпаймын,Өртеп ұсынған құрбандықтарыңа қараймын. Ал қаламаймын бұқаларды қораларыңнанЯки текелерді шарбақтарыңнан, Иә, сені Өзіме сенімділікпен әйелім етемін. Сонда сен Мені, Жаратқан Иені, мойындайтын боласың. Сендер Жаратқан Иенің: «Мен құрбандық шалғандарыңнан гөрі берік мейірімділік көрсеткендеріңді қалаймын» деген сөзінің мағынасын ұғынып алыңдар! Мен «әділдерді» емес, күнәкарларды (теріс жолдан қайтуға) шақыру үшін келдім. Жаратқан Ие: «Мен құрбандық шалғандарыңнан гөрі берік мейірімділік көрсеткендеріңді қалаймын» деген. Егер мұның мағынасын білсеңдер, мына кінәсіздерді айыптамас едіңдер.
Выбор основного перевода