Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Қайта, жарлыларға әділдікпен төрелік айтып, жердің жапа шеккендерінің заңды мүдделерін қорғайды. Оның аузынан шыққан үкімдер осы дүниеге дүре соққан таяқ сияқты: айтқан әмірлерімен зұлымдардың көздерін құртады. Жайнатады әділдігіңді таңғы нұрдай,Ісіңнің ақтығын тал түскі күндей. Бүгін сені ұлттар мен патшалықтарға үстемдік жүргізуге тағайындадым. Сен оларды түп-тамырымен жұлып ойсыратып, құлатып жоясың, әрі қайтадан тұрғызып, егіп отырғызатын боласың, — деді. Біліп қой: бүгін Мен сені бекіністі қала іспетті еттім. Сен темір бағанадай, қола қабырғадай берік боласың. Енді осы жердегілердің бәріне: Яһуда елінің патшалары мен әміршілеріне, діни қызметкерлері мен халқына қаймықпай қарсы тұра аласың. Менің сөздерім от сияқты емес пе? Ол тастың талқанын шығаратын балға сияқты емес пе? — деп сауал қояды Жаратқан Ие. — Ендеше Жаратқан Иені мойындап, Оны жақыннан танып білуге жан сала ұмтылайық! Ертеңгісін таң атпай қоймайтынындай, Жаратқан Иенің келуі де сондай шүбәсіз. Ол бізге игілікті нөсердей, жерді суға қандыратын көктемгі жаңбырдай сөзсіз келетін болады». Себебі Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті. Ол екі жүзді семсердің қайсысынан да өткір! Құдайдың сөзі бойымызға терең еніп, жан мен рухты айырып, буын мен жұлынға жеткен іспетті, жүрегіміздің түкпіріндегі ой-ниетімізді де әшкерелеп, бағалайды.
Выбор основного перевода