Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Охолиба, сен де өз әпкеңнің жолымен жүресің. Сондықтан ол ішкен тостағанды енді сенің қолыңа ұстатамын! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны кесіп айтамын: Осылайша әпкең ішкен (азапқа толы) тостағаннан сен де ішесің! Сол тостаған терең де үлкен, оның ішіне көп сыяды. Сен күлкіге қалып, масқараланасың. Тостағаннан ішкеніңнен сен масайып, қайғы-қасірет шегесің. Әпкең Самария қорқыныш пен қаңырауға толы сол тостағаннан ішкен еді. Сен де содан ішіп, тауысасың. Кейін оны лақтырып тастап, паршалап сындырасың. Қатты қиналғандықтан кеудеңді ұрғылайсың. Өйткені Мен осылай дедім!» — Жаратушы Тәңір Ие осыны ескертеді. Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Сен Мені ұмытып, мүлдем елемей кеткенің үшін асқан азғындығың мен жезөкшелігіңнің зардабын тарт!» Сендер күндіз құлайсыңдар, қастарыңдағы жалған пайғамбарлармен бірге түнде де құлайсыңдар. Сондықтан Мен шешелеріңді (Исраил халқын) құртпақпын. Исраил өз асқақтығымен өзін әшкерелейді, бірақ олар бәрібір өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге қайтпайды да, Оның еркін сұрамайды да.
Выбор основного перевода