Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Ей, Содомның билеушілері (сияқты зұлым басшылар), Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар! Ғомораның халқы (іспетті күнәкарлар), Құдайымыздың тәліміне ден қойыңдар! Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар, уа, Исраил халқы! Ол осы елдің тұрғындарына қарсы дау көтермек: «Елде адалдық пен мейірімділік әрі Құдайды жақыннан тануға деген ниет жоқ. Жолаушы адамды аңдып жататын қарақшылар сияқты, діни қызметкерлер бір тобыр болып Сихемге баратын жолда кісі өлтіріп, жексұрын қиянат жасады. Пайғамбар Құдайдың Ефремге қойған күзетшісі болған еді. Ал пайғамбар қай жерге барса да, оның алдында құс аулаушынікіндей тұзақ құрылған. Тіпті өз Құдайының киелі үйіндегілер де оған қастық танытуда.
Выбор основного перевода