Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Уа, Жаратқан Ие, Сен бізді жазалағанда, Саған сыбырлап қана мінажат еттік. Ал ешқайсымыз Саған сиынып, рақым етуіңді сұрап жалынып-жалбарынбаймыз. Сен бізден бас тартып, бізді күнәміздің кесірінен жойылуға қалдырдың. Алайда, о, Жаратқан Ие, Сен рухани Әкемізсің. Сен құмырашыға, біз саз балшыққа ұқсаймыз. Бәріміз Сенің қолыңнан шыққан жаратылысыңбыз. Уа, Жаратқан Ие, шексіз ашуланып, күнәларымызды есіңде мәңгілік сақтай көрме! Саған жалбарынамыз, бізге көз сала гөр, Сенің халқыңбыз ғой. Себебі олар ағаш мүсінге: «Сен әкемсің!», тас бағанаға: «Мені туған сенсің!» деп табынады. Осылайша олар беттерін Менен теріс бұрып, сырт айналып кетті. Ал бастарына пәле түсе қалса: «Келіп, бізді құтқара гөр!» деп Маған жалынады. Себебі Жаратқан Ие былай деп уәде береді: — Сендер Бабылда жетпіс жыл болғаннан кейін Мен сендерді қамқорлауға келіп, өздеріңді осы жерге қайтып әкелемін деген ізгі уәдемді орындаймын. Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар, — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Сол кезде Маған сиынып шақырасыңдар, алдыма келіп дұға етесіңдер, ал Мен сендерге құлақ асамын. Содан соң исраилдіктер қайта оралып, өз Құдайлары Жаратқан Иеге және өз патшалары — Дәуіттің ұрпағына бет бұрып мойынсұнатын болады. Олар сол кейінгі заманда Жаратқан Иені дірілдеп терең қастерлеп алдына келіп, Оның өздеріне сыйлайтын игіліктерін қабылдайтын болады.
Выбор основного перевода