Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Исраил жемісін беретін жайқалған жүзім бұтасына ұқсайды. Ал жемісі көбейген сайын халық құрбандық үстелдерін көптеп салады. Ел өркендеген сайын, халық жалған тәңірлерге арналған киелі бағаналарды өрнектеп әшекейлеп отыр. Халық жақсы жайылымға қоныстанғанда қарындары тоқ болды. Қарны тойынған кезде олар асқақтап, Мені естерінен шығарды. Сен даңққа емес, масқараға бөленетін боласың! Ендігі кезек саған келіп, өзің де ішіп, ұятың ашылсын! Жаратқан Иенің құдіретті қолынан шыққан, Оның қаһарына толы тостағанынан іш! Сонда зор даңқың масқараға айналады. Сондықтан да Мен сендерді бүкіл халыққа абыройсыз етіп, олардың көз алдында масқаралап, төмендеттім. Себебі сендер Менің тура жолыммен жүрмедіңдер. Таурат заңымды жүзеге асырғанда адамның бет-жүзіне қарадыңдар.
Выбор основного перевода