Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Мен сендерді наннан айырамын, сонда он әйел бар нанын бір-ақ тандырда жабатын болады, пісірген нанды таразыға тартып бөлісіп алады. Сендер сол азғана нанды жеп, қарындарың тоймайтын болады. Халық Маған шын жүректен жалбарынбайды. Оның орнына олар төсектерінде жатып еңіреп жылайды. Расында олар Менен алшақтап кетіп, жиындарында бидай мен жүзім мол болсын деп жалған тәңірден сиынып сұрайды. Олар Құдайыма мойынсұнбағандықтан, Ол халықты Өзінен аластатып тастайды. Содан олар басқа халықтардың арасында кезбе болып кетеді. Сендер тамақ жейсіңдер, бірақ тоя алмайсыңдар, қарындарың бәрібір аш болады. Былай қойып сақтайсыңдар, бірақ ештеңе жинай алмайсыңдар. Тіпті сақтап қойғандарыңның өзін Мен семсермен еліңе басып кірген жауға табыстаймын. Сендер көп еккенмен аз жинайсыңдар, тамақ жегенмен қарындарың тоймайды, сусын ішкенмен шөлдерің қанбайды, киім кигенмен жылынбайсыңдар, жалақы алғанмен оларың тесік қалтаға кетіп жатқандай болады».
Выбор основного перевода