Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Сендер киелі деген емен ағаштарыңның астында және бау-бақшаларыңның ішінде жалған тәңірлерге құлшылық етуді қатты ұнатып, соны таңдаған едіңдер. Міне, соларыңа бола масқараланасыңдар! Жауларыңды жел ұшырып, дауыл айдап алып кеткендей жоқ қыласың. Сонда Маған шаттана қуанып, Исраил сиынған Киелі Құдаймен мақтанатын боласың». Сен айқайлап көмек сұрағанда, жинап алған тәңірсымақтарың сені құтқарып көрсін! Бірақ олардың барлығын жел айдап әкетіп, аузымның лебі жоқ қылады. Ал Мені паналағандар елді иеленіп, Өзіме бағышталған Сион тауында мәңгі тұратын болады». Жастық шағымыздан бері сол масқара тәңірсымақтар ата-бабаларымыздың еңбектерінің жемісін — ірілі-ұсақты малдарын, тіпті ұл-қыздарын да жалмап келді. Сол кезде мына халық пен Иерусалимнің тұрғындарына былай делінеді: «Шөлдегі тақыр төбелерден Менің сүйікті халқыма қарай аңызақ жел соғып тұр. Бірақ бұл бидайдың қауызын ұшырып әкетіп, дәндерін шаң-тозаңнан тазалауға қолайлы жел емес! Ефрем халқы желмен тамақтанатын сияқты. Олар күні бойы шығыстан соғатын желді қуып, өтірік пен зорлықты көбейтеді. Олар Ассур патшалығымен одақтасып, Мысырдан да қолдау көру үшін сол елге зәйтүн майын тасып апарады. Ефрем бауырлас руларының арасында жайқалып өсіп-өнетін. Ал енді Жаратқан Ие шөл даладан шығыстың аптап желін жібереді. Сонда Ефремнің бұлағы құрғап, су көзі тартылып қалады. Ефрем қазына қоймасындағы құнды заттарының барлығынан айырылады.
Выбор основного перевода