Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Сондай-ақ Ол күймелерінің дөңгелектерін шығарып тастап, күймелер әрең дегенде қозғалды. Сонда мысырлықтар: «Исраилдіктерден қашып құтылайық! Олар үшін Жаратқан Ие Мысырмен шайқасып жатыр!» — деп айқай салды. Бірақ хоронайымдық Санбаллат және аммондық қызметкер Тобиях менің келе жатқаным туралы естігенде, екеуі біреудің исраилдіктерге жақсылық жасамақ болып келгеніне қатты наразыланды. Санбаллат біздің қала қабырғасын тұрғызып жатқанымызды білгенде, зығырданы қайнап қатты ашуланды. Ол біздерді, яһудилерді, келекелеп, Бірақ Санбаллат, Тобиях, арабиялықтар, аммондықтар және азоттықтар: «Иерусалимнің қабырғаларын жөндеу жұмыстары алға жылжып, оның құлаған жерлері бітелуде» дегенді естігенде, олар бұған қатты ашуланды. Езуіміз жиылмады күлкіден,Аузымыздан үзілмеді шаттық ән.Басқа ұлт адамдары өзара былай десті:«Бұларға Жаратқан жасады керемет істі!» (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Сүлейменнің жыры.)Егер Жаратқан үйдің құрылысын жарылқамаса,Құрылысшылардың еңбегі түгелдей зая.Егер Жаратқан Ие қаланы күзетпесе,Қарауылшылар босқа тұрады күзетте.
Выбор основного перевода