Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Бірақ хоронайымдық Санбаллат және аммондық қызметкер Тобиях менің келе жатқаным туралы естігенде, екеуі біреудің исраилдіктерге жақсылық жасамақ болып келгеніне қатты наразыланды. Бірақ хоронайымдық Санбаллат, аммондық қызметкер Тобиях және арабиялық Гешем осы туралы естігенде, бізді келекелеп:— Әй, бұл істеп жатқандарың не? Патшаға қарсы шығайын деп жатырсыңдар ма? — деп мазақтады. Осылай бас діни қызметкер Елияшип өз ағайындары — діни қызметкерлермен бірге жұмысқа кірісіп кетті. Олар Қой қақпасын тұрғызып, есіктерін орнатты; содан соң Қой қақпасына әрі қала қабырғасының Жүздік және Хананел мұнараларына дейінгі аралығына Жаратқан Иеге бағышталу рәсімін жасады. Сенуаның ұлдары Балық қақпасын тұрғызды. Олар соның бөренелерін қиюластырып, есіктерін, ысырмалары мен кесе-көлденең бөренелерін орнатты. Бірақ Санбаллат, Тобиях, арабиялықтар, аммондықтар және азоттықтар: «Иерусалимнің қабырғаларын жөндеу жұмыстары алға жылжып, оның құлаған жерлері бітелуде» дегенді естігенде, олар бұған қатты ашуланды. Бірақ мен оларды сақтандырып: «Сендер неге қабырғаның алдында түнейсіңдер? Егер тағы осылай ететін болсаңдар, мен сендерге қарсы шара қолданамын!» — дедім. Сол кезден бастап олар демалыс күндері келмейтін болды. Тіпті бас діни қызметкер Елияшип ұлы Жояданың бір ұлы хоронайымдық Санбаллаттың қызына үйленген еді! Сол жігітті мен қасымнан қуып жібердім.
Выбор основного перевода