Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Осыны естігенде Барсабия патшаның алдында басын жерге дейін иіп тағзым етті де:— Тақсыр ием Дәуіт патшаның өмірі ұзақ болсын! — деп алғысын білдірді. Олар маған: «Жер аударылудан аман қалып, сол аймаққа қайта оралғандардың күй-жайы мүшкіл, көргендері қорлық! Иерусалимді қоршаған қабырғалар қиратылған, қақпалары да өртелген», — деп баяндады. Жұлдызшылар патшаға арамей тілінде:— Уа, патша ағзам, өміріңіз ұзақ болсын! Бізге түсіңізді айтып беріңіз, сонда оны сізге жорып береміз! — деп жауап қайтарды. Олар патшаға былай деп шағым айтты:— Уа, патша ағзам, өміріңіз ұзақ болсын! Осы кезде қонақасы беріліп жатқан жерге патша мен оның басшы-ұлықтарының айтқандары туралы хабар алған патшайым кіріп келді. Ол былай деді:— Уа, патша, өміріңіз ұзақ болсын! Ой-пікірлеріңіз сізді абыржытпасын, бет-жүзіңіз де қуаң тартпасын.
Выбор основного перевода