Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Бірақ хоронайымдық Санбаллат, аммондық қызметкер Тобиях және арабиялық Гешем осы туралы естігенде, бізді келекелеп:— Әй, бұл істеп жатқандарың не? Патшаға қарсы шығайын деп жатырсыңдар ма? — деп мазақтады. Санбаллат, Тобиях, арабиялық Гешем және қалған дұшпандарымыз да менің қабырға құрылысын бітіріп, оның бірде-бір құлаған жерінің қалып қоймағаны туралы хабар алды. Ал қақпалардағы есіктерді мен әлі де орнатып болмаған едім. Құдайымыздың киелі үйінің қойма бөлмелерін басқаруға тағайындалған діни қызметкер Елияшип (аммондық) Тобияхтың туысқаны еді. Елияшип осы мерекеден бұрынырақ Тіпті бас діни қызметкер Елияшип ұлы Жояданың бір ұлы хоронайымдық Санбаллаттың қызына үйленген еді! Сол жігітті мен қасымнан қуып жібердім.
Выбор основного перевода