Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Араларыңдағы Оның халқына жататын әр адам Яһудадағы Иерусалимге өрлеп барып, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге, яғни (жер бетіндегі тұрағы) Иерусалимде болатын Құдайға, арнап киелі үй салсын! Баратын әркімге Құдайы жар бола көрсін! Өз халқыңды арзанға сатып жібердің,Біздің құнымызды әбден түсірдің. Көршілеріміз бізді келеке қылуда,Маңымыздағылар мазақтап қорлауда. Мен барлық патшалықтарды олардан шошынып аңтарыла жиренетін қыламын. Қай жерге шашыратып жіберсем де, олар мазаққа айналып табаланады әрі келекеленіп қарғалатын болады. Мен сені қиратып, айналаңдағы халықтардың және сен арқылы өтетін әркімнің көз алдында масқара қылып, қаңыраған бос жерге айналдырамын. Өзіңді ашу-ызаммен және қаһарлы сөгіспен жазалағанымда сен айналаңдағы халықтардың масқарасы мен келекесіне қалып, ойрандалудың қорқынышты үлгісіне айналасың. Бұны нық айтқан Мен Жаратқан Иемін!
Выбор основного перевода