Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Малахия
1 2 3 4
Параллельные места
Бұлардан кейін перғауынға былай де: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Исраил Менің ұлым — тұңғышым іспетті. Себебі алты күн ішінде Жаратқан Ие аспан, жер және теңізді әрі олардағы күллі нәрселерді жаратып, жетінші күні демалды. Сондықтан Ол демалыс күніне оң батасын беріп, оны Өзіне бағыштап қасиетті деп белгіледі. Исраилдің патшасы сол күнгі таңда мүлдем құриды!»«Исраил әлі де жас болғанда оны сүйетін едім, Мен рухани ұлымды Мысырдан шақырып алдым. — Ал мынау Менің сендерге арнаған ескертуім, уа, діни қызметкерлер! Мені тыңдап, есімімді шын жүректен құрметтеуге берік шешім қабылдаңдар! — деп нық айтады Әлемнің Иесі. — Әйтпесе Мен сендердің өздеріңе қарғыс жіберемін, әрі сендердің халыққа берген баталарыңды қарғысқа айналдырамын. Иә, тіпті қазірдің өзінде Мен оларды қарғысқа айналдырдым! Себебі сендер Менің есімімді шын жүректен құрметтемейсіңдер. Сендердің кесірлеріңнен Мен ұрпақтарыңды жазалаймын. Өз мейрамдарыңда ұсынылған құрбандықтарыңның жынын беттеріңе жағамын. Сонда сендер соларыңмен бірге қоқыс төгілетін жерге әкетілесіңдер. Осылай сендер Леуі руымен жасаған Келісімімнің өз күшінде қалуын көздеп өздеріңе осы ескертуді жібергеннің Мен екенімді білетін боласыңдар, — дейді Әлемнің Иесі. — Менің Леуі руымен жасаған Келісімім өмір мен амандықты мақсат еткен. Мен осы екеуін де оларға сыйлап келдім. Леуіліктер Менің есімімді қастерлеуге тиіс еді. Бастапқы кезде олар Менің есімімнің алдында дірілдеп қорқып, оны терең қастерледі де. Ауыздарынан тек шынайы тәлім ғана шығып, олар еш өтірік айтпайтын. Леуіліктер Менімен байланысып тыныш та әділ жүрді, әрі көптеген адамды теріс жолдарынан қайтарды. Себебі діни қызметкердің аузынан шыққан сөздері білімді сақтайды. Адамдар оның айтқандарынан тәлім алуға ізденулері керек. Себебі ол — Әлемнің Иесінің хабаршысы. Бірақ сендер осы жолдан тайып кеттіңдер. Берген тәлімдеріңмен көптеген адамды адастырдыңдар. Сендер Леуімен жасасқан Келісімімді бұздыңдар! — Әлемнің Иесі осыны әшкерелейді. — Сондықтан да Мен сендерді бүкіл халыққа абыройсыз етіп, олардың көз алдында масқаралап, төмендеттім. Себебі сендер Менің тура жолыммен жүрмедіңдер. Таурат заңымды жүзеге асырғанда адамның бет-жүзіне қарадыңдар. Біздің бәріміздің көктегі Әкеміз бірдей ғой! Бәрімізді де бір Құдай жаратқан жоқ па?! Ендеше неліктен біз бір-бірімізге опасыздық жасап, Жаратқан Иенің ата-бабаларымызбен жасаған Келісімін бұзамыз? «Сондықтан Мен сендерді тергеп соттау үшін жақындап келемін. Мен сиқыршыларға, неке адалдығын бұзушы мен ант бұзушыларға, жұмыскерлердің ақысын жеп, жетім-жесірлерге зорлық-зомбылық жасап, жат жұрттықтарды құқықтарынан айырғандарға қарсы куәлік келтіріп, әшкерелеуге ынтызармын», — деп нық айтады Әлемнің Иесі. Құдай: «Ата-анаңды сыйла!» және «Егер біреу әкесін не шешесін жамандайтын болса, ол өлтірілсін!» деп бұйырған еді ғой. Егер сендер айтқандарымды орындамасаңдар, несіне Мені «Мырза, Ие!» дейсіңдер?
Малахия
1 2 3 4
Выбор основного перевода