Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Малахия
1 2 3 4
Параллельные места
Қираған қорғандары және сәулетті сарайларының қалдықтары қорқау қасқыр мен шибөрінің ұлыған даусымен жаңғырады. Иә, Бабылдың құритын уақыты таяп қалды, оның күні өтті! Оның қорғандарын тікенді бұталар басып, бекіністі қалаларын қалақай мен ошаған жайлап кетеді. Осы жер шибөрі мен түйеқұстың тұрағына айналмақ. — Мен Иерусалимді бір төбе үйінді етіп, оны шибөрілердің мекені қыламын. Яһуданың басқа қалаларын да адам баласы тұрмайтындай етіп қаңыратып бос қалдырамын. — (Жаратқан Ие осыны нық айтады.) Едом елі ежелгі Содом мен Ғомора және оларға көршілес қалалар сияқты құрып, жермен-жексен болады. Онда ешкім қоныстанбайды, адам баласы оны мүлдем мекендемейді». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, Сейір тауы, Мен өзіңе қарсы шығамын! Саған қарсы қолымды созып, сені қаңыратып, елсіз қалдырамын. Қалаларың қиратылып, өзің қаңырап бос қаласың. Сонда сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. Сен қаскүнем пиғылыңнан арылмай, Исраил халқының басына күн туып, зұлымдығы жазаланатын ақырғы сағаты соққанда, оларды семсерден қырылуға тастап кеттің. Сол себептен мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп былай дейді: Мен сені қантөгіске үкімдеймін де, бұдан былай ол сенің қыр соңыңнан қалмай қояды. Сен қантөгісті еш жек көрмегендіктен, ол сені өкшелейтін болады. Мен Сейір тауын қиратып, қаңыратамын. Енді одан қашып кетіп, не қайтып келетіндердің бәрін құртамын. Таулы жеріңді өліктермен жауып тастаймын. Адамдар сенің қырат-қырқаларыңда, аңғарларың мен барлық сай-салаларыңда семсерден қырылатын болады. Өзіңді ұдайы қаңыратып бос қалдырамын, қалаларыңды енді қайтып ешкім мекендемейтін болады. Осылайша сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. Яһуданың халқына жасаған қиянаттары үшін және өз жерінде отырған халықтың жазықсыз қанын төккендері үшін Мысыр елі қаңырап бос қалып, Едом елі де қу медиенге айналады.
Малахия
1 2 3 4
Выбор основного перевода