Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Малахия
1 2 3 4
Параллельные места
Таңдап алған малдарың қойдың не ешкінің еш мінсіз, бір жылдық еркек төлі болсын. — Һаронға, оның ұлдарына және бүкіл Исраил халқына мынаны айт: Егер кейбіреулерің, исраилдік болсын, араларыңда тұрып жатқан жат жұрттық болсын, ант етілген немесе өз еркімен Жаратқан Иеге арнап түгелдей өртелетін құрбандық ұсынатын болса, ол ешбір мінсіз бір бұқаны, қошқарды немесе текені алып келсін. Сонда ғана құрбандығы қабылданады. Кемістігі бар еш малды Жаратқан Иеге ұсынбаңдар, әйтпесе оларың қабылданбайды. Егер біреу берген антын орындау үшін немесе өз еркімен Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандық ұсыну үшін мүйізді ірі қара не ұсақ малынан алып келсе, Жаратқан Ие ондай малды ешбір мінсіз болса ғана мақұлдап қабылдайды. Себебі Жаратқан — Хақ Тағала айбатты,Ол — бүкіл жер бетінің ұлы Патшасы Ол әміршілердің батылдығын жояды,Жер патшаларының үрейін ұшырады.
Малахия
1 2 3 4
Выбор основного перевода