Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Астық тартуының қалған бөлігі — Һарон мен оның ұлдарының үлесі. Ол — Жаратқан Иеге бағышталып, өртелу арқылы ұсынылған тартулардың ерекше киелі бөлігі. Егер сенің алып келген астық тартуың тандырда жабылған нан болса, ол зәйтүн майы араластырылған таңдаулы бидай ұнынан ашытқысыз дайындалған пәтір нан немесе ашытқысыз пісіріліп, зәйтүн майы жағылған жұқа нан болсын. Егер тартуың жалпақ табада пісірілген астық тартуы болса, ол зәйтүн майы араластырылған таңдаулы бидай ұнынан ашытқысыз дайындалған болсын. Оны үзіп, үстіне зәйтүн майын құй. Бұл — астық тартуының бір түрі. Егер тартуың шұңғыл табада пісірілген астық тартуы болса, ол да таңдаулы бидай ұны мен зәйтүн майынан дайындалған болсын. Осылайша дайындалған астық тартуын Жаратқан Иеге арнап алып кел де, діни қызметкерге табыста. Ол соны құрбандық үстеліне алып барады. Діни қызметкер астық тартуының бір бөлігін үзіп алып, оны естелік бөлігі ретінде құрбандық үстелінде түтетіп өртеп жіберсін. Бұл — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды тарту. Астық тартуының қалған бөлігі — Һарон мен оның ұлдарының үлесі. Ол — Жаратқан Иеге бағышталып, өртелу арқылы ұсынылған тартулардың ерекше киелі бөлігі.
Выбор основного перевода