Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол құрбандық қошқарының Һарон мен ұлдарына арналған үлестерін өздеріне табыста: жоғары көтеріліп, Тәңір Иеге ұсынылған оң жақ сан етін және тербетіліп ұсынылған төс етін. Исраилдіктердің Һарон мен ұлдарына ұдайы беретін тұрақты сыбағасы осы болмақ. Өйткені бұл — исраилдіктердің Жаратқан Иемен қарым-қатынастарына ризашылықтарын білдіретін құрбандықтарынан Оған бағыштауға тиісті бөліктері. Жаратқан Ие Һаронға қайтадан тіл қатып былай деді: «Біліп қой, Мен исраилдіктердің Өзіме жасайтын сый-тартуларын бақылауды саған тапсырдым. Олардың Өзіме көтеріп ұсынатын тартуларын Мен саған және ұрпақтарыңа арналған үлестерің әрі тұрақты құқықтарың етіп сыйладым. Сондай-ақ, мыналар да сенікі: исраилдіктердің көтеріп не әрі-бері тербеп ұсынатын тартуларынан арнайы үлесті Мен саған және ұл-қыздарыңа сыйладым. Ол әрқашан солай болуы тиіс. Ондай сыйды отбасыңдағы тазару рәсімінен өткен әркім жей алады. Осылайша Мен исраилдіктердің Жаратқан Иеге алып келетін барлық киелі тартуларын тұрақты түрде сенің өзің мен ұл-қыздарыңа сыйладым. Бұл — өзіңе және отбасыңа арнап Жаратқан Ие жасаған ешқашан бұзылмауға тиіс Келісім».
Выбор основного перевода