Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Діни қызметкер осы бөліктерді құрбандық үстелінде тамақ іспетті түтетіп өртеп жіберсін. Бұл — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған тарту. Мен исраилдіктердің Өзіммен қарым-қатынастарына ризашылықтарын білдіретін құрбандықтарынан малдардың әрі-бері тербеп ұсынылған төсін және көтеріп ұсынылған сан етін діни қызметкер Һаронға және оның ұқпақтарына мәңгілік сыбаға етіп тағайындадым. Ал малдардың төстері мен оң жақ сандарын Һарон Жаратқан Иенің алдында Мұсаның бұйырғанына сай әрі-бері тербеп ұсынды. Мұнан соң діни қызметкер оларды Жаратқан Иенің алдында әрі-бері тербеп ұсынады. Олар әрі-бері тербеп ұсынылған төс және көтеріп ұсынылған сан етімен бірге діни қызметкердің үлесіне тиесілі әрі киелі. Бұдан былай назир болған адамның шараптан ішуіне болады.
Выбор основного перевода