Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Һарон мен оның ұлдары нан тартулары қойылатын үстелге қою күлгін түсті дастарқан жайып, оның үстіне аяқ-табақтар мен табаларды, сұйық тартулар жасауға арналған құмыралар мен тостағандарды қоюлары керек. Сол үстелдің үстінде Жаратқан Иеге бағышталған нан тартулары ұдайы болсын. Қахаттық тармаққа жататын олардың ағайындарының кейбіреулеріне әр демалыс күні ерекше нанды пісіріп, арнайы үстелге ұсынып қою міндеті жүктелді. Қазір мен Құдай Иемнің даңқын шығаратын ғибадатхана салып, Оған бағыштамақпын. Сол жерде Жаратқан Иеге арнап хош иісті заттар түтетіліп, Оның алдында әрдайым арнайы нан тартулары ұсынылуға тиіс. Күн сайын таңертең және кеште, демалыс күндері, айдың бірінші күні әрі Құдай Иеміздің басқа да мейрам кездерінде құрбандықтардың шалынып, өртеліп ұсынылулары керек. Бұл рәсімдер Исраил халқына тұрақты бекітілген.
Выбор основного перевода