Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кімде-кім адамның қанын төксе, оның да қаны адам арқылы төгілетін болады, себебі Құдай адамды Өзіне (рухани жағынан) ұқсас етіп жаратты. Кім біреуді ұрып өлтірсе, соның өзі өлтірілсін. Біреуді әдейі өлтірген адамды тек куәгерлердің айтқандары бойынша ғана өлімге кесу керек. Жалғыз бір ғана адамның куәлігі кісі өлтіргенді әшкерелеп, өлімге кесуге жеткіліксіз. Қасақана кісі өлтіріп, өлім жазасына лайықты адамға құн төлетіп, жанын аман сақтап қалуына жол бермеңдер! Ондай қылмыскерге міндетті түрде өлім жазасын тартқызу керек. Бірақ егер сондай адам өлтірген кісісіне бұрыннан өшігіп, аңдып келіп, сәті түскен кезде бас салып, оны өлтіргеннен кейін бас сауғалау қалаларының біріне қашып барса, онда оның өз қаласының ақсақалдары ол бас сауғалаған қалаға адамдарын жіберіп, қайтарып алдыртсын. Сол адам өлген кісінің жазалаушы туысқанының қолына тапсырылуы керек. Осылай ол жазасын тартып өлуге тиіс.
Выбор основного перевода