Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірде-бір кемтар жан Маған қызмет көрсету үшін жақындамасын: соқыр, ақсақ, қоянжырық ерінді не қол-аяғы дұрыс дамымаған мүгедек, сондай-ақ, аяғы не қолы сынып майып болған, бүкір не дене мүшесі семіп қалған, көзінің кемістігі бар, қотыр не теміреткісі бар немесе ұрық безі езілген ешкім де осы қызметті атқарушы болмасын. Құрбандыққа шалуға соқыр малды әкелесіңдер, бұл сұмдық емес пе?! Ақсақ не ауру мал әкелсеңдер, бұл да сұмдық емес пе?! Сондайды әкіміңе (салық ретінде) ұсынып көр! Ол соған риза болып саған оң көзімен қарар ма екен? — деп ескертеді Әлемнің Иесі. Өзінің отарында құрбандыққа ұсынуға лайықты мінсіз еркек тоқтысы болып, соны Тәңір Иеге бағыштап шалуға уәде бере тұра, кейін Оған кемістігі бар басқа малды ұсынған өтірікшіні қарғыс атады! Өйткені Мен ұлы Патшамын! — деп ескертеді Әлемнің Иесі. — Менің есімім өзге халықтардың арасында айбатты болып, терең қастерленеді.
Выбор основного перевода