Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Яһуда Тамарға: «Кенже ұлым Шелах үлкейгенше әкеңнің үйінде жесір болып отыра тұр», — деді. Ал шынында ол Шелах та ағалары сияқты өліп қалмай ма деп уайымдап, келінін алдамақ болды. Сонымен Тамар әкесінің үйіне қайтып барып, сонда тұрып қалды. Ал құрбандықтың Жаратқан Иеге әрі-бері тербеп ұсынылған төсін және жоғары көтеріп ұсынылған санын өздеріңе және ұл-қыздарыңа жеуге болады. Себебі сол бөліктер исраилдіктердің Жаратқан Иемен қарым-қатынастарына ризашылық білдіретін құрбандықтарынан саған және ұлдарыңа берілген үлес. Осы етті тазару рәсімі жасалған бір жерде жеңдер. Діни қызметкердің отбасына жатпайтын кез келген адамға киелі тартулардан жеуге тыйым салынған. Ол діни қызметкердің не қонағы, не жалшысы болсын, бәрібір оның сол тартулардан жеуіне болмайды. Осылайша Мен исраилдіктердің Жаратқан Иеге алып келетін барлық киелі тартуларын тұрақты түрде сенің өзің мен ұл-қыздарыңа сыйладым. Бұл — өзіңе және отбасыңа арнап Жаратқан Ие жасаған ешқашан бұзылмауға тиіс Келісім».
Выбор основного перевода