Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Һарон Исраилдің үрім-бұтағының Құдайға бағыштаған барлық құрбандықтарының, сый-тартулары мен қызметтерінің мінсіз еместігінің кінәсін өз мойнына алуы үшін, осы алтын тақташа оның маңдайына тағылып жүруге тиіс. Осылай сол құрбандықтар, сый-тартулар және қызметтер Жаратқан Иеге ұнамды болады. сол адам шараптан және ашыған басқа сусыннан бас тартсын, әрі шарап не өзге ашыған сусыннан жасалған сірке суын да ішпеуі керек. Оған не жүзім шырынын, не жаңа піскен жүзімді, не мейізді ішіп-жеуіне болмайды. Оның ең таңдаулы бөлігін Маған көтеріп ұсынған болсаңдар, айыпты болмайсыңдар. Сонда сендер исраилдіктердің киелі тартуларын арамдаған болып шықпайсыңдар. Әйтпесе өлімге душар болар едіңдер». Малдарыңның тұңғыш туған еркек төлдерін Құдайларың Жаратқан Иеге бағыштауларың керек. Төлдің басы болып туған өгізді жұмысқа жегуге, әрі тұңғыш туған ұсақ малдың жүнін қырқуға болмайды.
Выбор основного перевода