Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жеті күн бойы құрбандық үстелін осылайша күнәнің арамдығынан тазартып, оны Тәңір Иеге арна. Сонда құрбандық үстелі Тәңір Иеге түгелдей бағышталып, ерекше киелі болады. Үстелдің үстіне қойылған не оған жанасқандардың бәрі де Тәңір Иеге бағышталып, Оның меншігіне айналады. Һарон мен оның ұлдары астық тартуының қалған бөлігін ашымаған нан ретінде кездесу шатырының ауласындағы киелі орында жеулері керек. Сол сияқты, тандырда, табада не жалпақ табада пісірілген әрбір астық тартуы Жаратқан Иеге ұсынылғанда, ол соны Жаратқан Иеге ұсынған діни қызметкерге тиісті болады. Егер адам Жаратқан Иеге шүкіршілік ету үшін бір құрбандық әкелсе, онда ол сонымен бірге зәйтүн майы қосылған ашымаған нандар, ашымаған әрі майланған пәтір нандар және таңдаулы бидай ұнынан маймен жақсылап араластырылып пісірілген нандарды да қоса тартуы керек. Сол адам осы нандарымен және Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандығымен қоса ашытқымен пісірілген нандарды да тарту етсін. (Маған бағышталған) тартулардың отқа өртелмейтін бөлігі сендердің үлестерің болады. Ол не астық тартуы, не күнәнің құнын өтейтін құрбандық, не айыпты өтеу құрбандығы болсын, халықтың Маған бағыштаған ерекше киелі тартуларының осы бөліктері сенің өзіңе және ұрпақтарыңа тиісті.
Выбор основного перевода