Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Діни қызметкер астық тартуының бір бөлігін үзіп алып, оны естелік бөлігі ретінде құрбандық үстелінде түтетіп өртеп жіберсін. Бұл — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды тарту. Егер алғашқы өнімдеріңнен Жаратқан Иеге астық тартуын ұсынсаң, ол жаңа піскен масақтардан алынып, отта кептіріліп, түйіліп жармаланған дәндерден болсын. Адам оны діни қызметкерге алып келсін. Діни қызметкер ұнның бір уысын естелік бөлігі ретінде алып, Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған басқа құрбандықтармен бірге құрбандық үстелінің үстінде түтетіп өртеп жіберсін. Бұл — күнәнің құнын өтейтін тарту: Діни қызметкер таңдаулы бидай ұнынан бір уыс, аздап зәйтүн майынан және астық тартуының үстіндегі барлық хош иісті шайырды алып, астық тартуының осы естелік бөлігін Жаратқан Иеге ұнамды, хош иісті тарту ретінде құрбандық үстелінде өртесін. Одан көз алмай, шошып кеткен жүзбасы:— Мырза, не істеуім керек? — деп сұрады. Періште:— Сенің еткен мінажатың және жарлыларға көрсеткен қайырымдылығың Құдай алдына жетті; Ол соларды мейірлене ескереді.
Выбор основного перевода