Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Маған арналған құрбандықтың қанын ашытқымен дайындалған тамаққа құйып ұсынбаңдар!Мейрамға шалынған құрбандықтың майы таң атқанша қалып қоймасын! Маған арналған құрбандықтың қанын ашытқымен дайындалған тамаққа құйып ұсынбаңдар!Құтқарылу мейрамына шалынған малдың еті таң атқанша қалып қоймасын! Һарон мен оның ұлдары астық тартуының қалған бөлігін ашымаған нан ретінде кездесу шатырының ауласындағы киелі орында жеулері керек. Осы нанды ешқашан ашытқымен пісіруге болмайды. Мен (Жаратқан Ие) оны Өзіме арнап өртелу арқылы ұсынылатын тартулардан олардың үлестері ретінде діни қызметкерлерге беремін. Күнәнің құнын өтейтін және айыпты өтейтін құрбандықтар сияқты бұл тарту да ерекше киелі.
Выбор основного перевода