Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Халептің інісі Кеназдың ұлы Отниел қаланы басып алды. Содан Халеп Отниелге қызы Ахсаны қосты. Ал Жаратқан Ие Исраилге билер тағайындап отырды, олар халықты тонаған жауларының қолынан құтқарды. Бірақ исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жалбарына сиынғанда, Ол бір құтқарушыны: буняминдік Гера ұлы Ехудті тағайындады. Ехуд солақай болатын. Бірде исраилдіктер оны Моаб патшасы Еглонға алым-салықтарын табыстауға жіберді. Сисараның тоғыз жүз темір соғыс күймесі болды. Ол исраилдіктерді жиырма жыл бойы қатты қанап, олар Жаратқан Иеге жалбарына сиынды. Олар мадияндықтарға бола Жаратқан Иеге жалынып мінажат еткендіктен, Ақырында исраилдіктер Жаратқан Иені дауыстап шақырып:— Біздер Сенен, өз Құдайымыздан, бас тартып, Бағалдың мүсіндеріне құлшылық етіп ауыр күнә жасадық! — деп көмек беруін өтінді. Сол кездерде олар Жаратқан Иеге дауыстап жалбарынып: «Біз күнә жасадық. Сенен, Жаратқан Иемізден, безіп кетіп, Бағал мен Астартаның мүсіндеріне құлшылық етіп келеміз. Ал енді, бізді жау қолынан құтқара гөр, Өзіңе қызмет ететін боламыз», — дейтін. Сондықтан Сен ата-бабаларымызды жауларының қолына тапсырдың. Жаулары оларға зор азап шектірді. Қатты қиналып жатқан кездерінде ата-бабаларымыз Саған жалбарына үн қатып, Сен көктен құлақ салдың. Өзіңнің ғаламат рақымыңмен оларға құтқарушыларды жіберіп, сол құтқарушылар оларды жауларының қолынан құтқарып алды.
Выбор основного перевода