Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Сонда Жаратқан Ие бұлт ішімен төмен түсіп, Мұсамен сөйлесті; Мұсаға қонған Рухтан алып, Оны сол жетпіс ақсақалға үлестіріп қондырды. Өздеріне Рух қона салысымен олар пайғамбар ретінде Құдайдың хабарын жеткізе бастады. Ал кейін олар бұларын тоқтатты. Ал Мұса оған:— Сен менің қамымды жейсің бе? Жаратқан Ие өз халқының бәріне де Өзінің Рухын қондырып, олардың барлығының да пайғамбар болып кетуін тілеймін, — деп жауап қайырды. Балағам көз тастап, рулары бойынша қатар-қатар тұрақтаған исраилдіктерді көрген кезде, оған Құдайдың Рухы қонды да, Сонда Жаратқан Иенің Рухы Гедеонға қонып, бойын биледі. Гедеон дабыл беріп кернейін тартқанда, Әбиезерден тараған әулет жиналып, оның соңынан ерді. Сонда Жаратқан Иенің Рухы Ефтахқа қонып, ол Ғилақад пен Манаса арқылы өтіп, Ғилақадтағы Миспаға, одан аммондықтарға қарай аттанды. Самсон Сора мен Ештағолдың арасындағы Махане-Дан дейтін жерде болғанда, Жаратқан Иенің Рухы алғаш рет оны әрекет жасауға ұмтылдырды. Сол сәтте Жаратқан Иенің Рухы Самсонға құдіретпен қонып, ол арыстанды лақ құрлы көрмей жай қолдарымен-ақ қақ жарып бөліп тастады. Мұны әке-шешесі көрген жоқ, өзі де айтқан жоқ. Сонда Самсонға Жаратқан Иенің Рухы құдіретпен қонып, ол (філістірлердің) Ашкелон қаласына ылдилап барып, сол жердің отыз адамын өлтірді. Олардан олжа алып, отыз киімді жұмбақтың шешуін айтқандарға үлестіріп берді.Самсонның қаһары лаулап, ол әкесінің үйіне өрлеп қайта оралып, сол жерде тұрып қалды. Самсон Лехиге келгенде, філістірлер оның алдынан қуана айқайлап шықты. Сонда Жаратқан Иенің Рухы Самсонға құдіретпен қонып, оның қолындағы арқандар от тиіп тұтанған зығыр жіп іспетті білектерінен жерге сырғып түсіп қалды. Саул бұл сөздерді естігенде Құдайдың Рухы оған қонып, бойын қатты ашу кернеді.
Выбор основного перевода