Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Иемдену қажет аймақтар мыналар: біріншіден, філістірлер мен гешурліктердің жерлері: Мысырдың шығыс жағындағы Шихор өзенінен Әкронның солтүстігіндегі шекарасына дейін созылған аймақ, ол қанахандықтардың жері болып саналады. Філістірлердің бес әміршісі билік жүргізген Газа, Азот, Ашкелон, Ғат, Әкрон атты қалалары әрі оңтүстіктегі ауилықтардың жері де осы аймаққа кіреді. Сондай-ақ, қанахандықтардың (солтүстіктегі) бүкіл жері, сидондықтарға тиісті Меарадан аморлықтарға тиесілі Әфектің шегіне дейінгі өлке, гебалдықтардың жері, Хермон тауының етегіндегі Бағал-Ғадтан Лебо-Хаматқа дейінгі бүкіл шығыс Ливан және Ливаннан Мисрепот-Майымға дейінгі таулы аймақтың күллі тұрғындары әрі барлық сидондықтар мекендеген жер де әлі иемделінген жоқ. Мен Өзім бұларды Исраилдің үрім-бұтағының алдынан қуып шығамын. Менің өзіңе бұйырғаныма сай, сен міндетті түрде осы елді исраилдіктерге мұралық меншікке үлестіріп бер.
Выбор основного перевода