Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
күңнің аяғы ауырлап, ұл туды. Сонда Рахила: «Құдай құқығымды қорғап, төрелік етті. Ол өтінішіме құлақ асып, маған ұл сыйлады», — деді де, баланы Дан («Төреші») деп атады. Дан руы өзіне берілген мұралық жеріне ие бола алмай, одан айырылып қалды. Сонда олар Ләшемге қарсы соғысып, оны қолға түсіріп, тұрғындарын семсердің жүзімен қырып тастады. Дандықтар сол қалаға өздері қоныстанып алды да, Ләшем деген атын түп аталарының құрметіне Дан деп өзгертті. Сонда Дан мен Бер-Шебаның арасында жатқан бүкіл елден және оған қоса Ғилақад аймағынан Исраил халқы Миспаға жиналып, барлығы бір адамдай Жаратқан Иенің алдында тұрды. Екі мүсіннің біреуін Бетел, екіншісін Дан қалаларында орнатқызды. Бұл ауыр күнәға түрткі болды. Себебі халық оларға сонау Данға дейін барып табына бастады.
Выбор основного перевода