Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Дан руы өзіне берілген мұралық жеріне ие бола алмай, одан айырылып қалды. Сонда олар Ләшемге қарсы соғысып, оны қолға түсіріп, тұрғындарын семсердің жүзімен қырып тастады. Дандықтар сол қалаға өздері қоныстанып алды да, Ләшем деген атын түп аталарының құрметіне Дан деп өзгертті. Дан руының үлесіне әулеттері бойынша тиген мұралық жер, ондағы қалалар әрі оларға қарасты елді мекендер, міне, осылар. Сондықтан Далида Самсоннан:— Сенің ерен күшіңнің көзі неде? Сені бағындыру үшін қалай байлап тастауға болады, соны маған айтып берші! — деп сұрады. Исраилде әлі де патша болмаған сол заманда Ефремнің таулы аймағының алыс түкпірінде бір леуілік келімсек адам тұратын. Ол Яһуда аймағындағы Бетлехемнен кәнизак алған еді. Сол заманда Исраилде әлі де патша жоқ болатын. Әркім өзіне дұрыс болып көрінгенді істейтін.
Выбор основного перевода