Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Мұсаның елді барлап келуге жіберген адамдарының есімдері осылар. Ал Мұса Нұн ұлы Ошияға Ешуа деген жаңа ат қойды. Нұн ұлы Ешуа Шиттим атты жерде екі адамға: «Барып, сол елді, әсіресе, Иерихон қаласын барлап көріп келіңдер!» — деген құпия тапсырма беріп, жұмсап жіберді. Осы екі адам қалаға жетіп, сол жердегі Рахаб есімді бір әйелдің үйіне түнеуге тоқтады. Ол (бұрынғы) жеңіл жүрісті әйел болатын. Самсон Сора мен Ештағолдың арасындағы Махане-Дан дейтін жерде болғанда, Жаратқан Иенің Рухы алғаш рет оны әрекет жасауға ұмтылдырды. Ефремнің таулы аймағында Миха есімді бір кісі тұратын. Барлаушы жігіттер Сора мен Ештағолдағы руластарына қайтып оралғанда, бұлар:— Не көріп-біліп келдіңдер? — деп сұрады.
Выбор основного перевода