Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Аммондықтар аттанып келгенде, Ғилақад аймағының ақсақалдары Ефтахты шақырып алу үшін Тоб жеріне оның алдына барып, одан:— Келіп, басшымыз бола көріңіз, сөйтіп аммондықтармен соғысайық! — деп өтінді. Ефтах оларға:— Мені жек көріп, әкемнің үйінен қуып шыққан сіздер емес пе едіңіздер? Енді бастарыңызға пәле түскенде маған несіне келіп тұрсыздар? — деді. Бірақ Ғилақадтың ақсақалдары қоймай:— Сол себептен біз енді өкініп, алдыңызға келіп тұрмыз. Бізбен бірге барып, аммондықтармен соғыссаңыз, Ғилақадты мекендейтін бәріміздің басшымыз сіз боласыз! — деді. Ефтах оларға:— Мейлі, мен сіздермен барып, аммондықтармен соғыса-ақ қояйын. Жаратқан Ие маған жеңіс те берді дейік. Сонда сіздер шынымен-ақ мені өздеріңізге басшы етесіздер ме? — деген сұрақ қойды. Ғилақадтың ақсақалдары:— Жаратқан Иенің Өзі осы айтқанымыздың растығына куә болсын. Сіз қалай айтсаңыз, дәл солай істейміз! — деп уәделерін берді. Сонда Ефтах Ғилақадтың ақсақалдарымен барып, халық оны өздеріне басшы әрі жасақтың қолбасшысы етіп қойды. Ефтах ақсақалдарға айтқан бүкіл сөздерін Миспада Жаратқан Иенің алдында қайталап айтты.
Выбор основного перевода