Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Осылай Жаратқан Ие сол күні Исраил халқын мысырлықтардың қолынан құтқарып алды. Кейін исраилдіктер олардың теңіз жағасында жатқан мәйіттерін көрді. Мұнан кейін Исраил халқы елшілері арқылы аморлықтардың патшасы Сихонға мынадай сәлем жіберді: «Жеріңізден өтуімізге рұқсат етсеңіз екен. Не егістіктеріңізге, не жүзімдіктеріңізге бұрылмаймыз, құдықтарыңыздан су да ішпейміз. Тек Патшаның үлкен жолымен ғана жеріңізден өтіп шығамыз». Бірақ Сихон Исраилге өз жері арқылы жүріп өтуге рұқсат бермей, бүкіл жасағын жинап, Исраилге қарсы елсіз далаға аттанды. Яхас деген жерге жетіп, исраилдіктермен шайқасты. Исраилдіктер Сихонның жасағын семсердің жүзімен қырып-жойып, Арнон өзенінен Ябок өзеніне дейінгі аралықтағы оның жерін иемденіп алды. (Ябоктың арғы жағындағы) аммондықтардың шекарасы бекіністі болғандықтан, олар тек соған дейін барды. Исраил халқы аморлықтардың барлық қалаларын да қолға түсіріп, соларды, әсіресе, Хешебон мен оған қарасты елді мекендеріне қоныстанып алды. Себебі Хешебон аморлықтардың патшасы Сихонның тұрған қаласы болатын. Ол Моабтың бұрынғы патшасына шабуыл жасап, оның Арнонға дейінгі бүкіл жерін тартып алған еді. Сондықтан жыраулар ол туралы мынадай нақыл айтқан:«Келіңдер Хешебонға, Сихонның қаласына,Қайта салынып, бекітілсін астана! Себебі Хешебоннан от жалыны шықты,Сихонның қаласынан алау лап етті,Моабтың Ар қаласын жалмап қойды,Арнон қыраттарының иелерін қырды. Уа, Моаб халқы, қасірет саған!Хамосқа табынған халық қырылған.Хамос өз «ұлдарын» қашуға қалдырды,«Қыздарын» Амор патшасы Сихонға олжалатты, Ал біз оларды жебе атып талқандадық,Дибонға дейінгі Хешебон елін құрттық,Медеба мен Нофаға дейін ойран салдық!» Осылайша исраилдіктер аморлықтардың жеріне қоныстанып алды. Кейін Мұса Жазер қаласына барлаушылар жіберді. Исраил жасағы оған қарасты елді мекендерді басып алып, сондағы аморлықтардың жерін де иемденді. Осыны айтып болғанда Балағам орнынан тұрып, еліне қайтып кетті. Балақ та өз жағына жөнелді. Ал кейінірек исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасады. Олардың сондай зұлымдық істегендері үшін Жаратқан Ие Моаб патшасы Еглонға Исраилге қарсы шығуға күш-қуат берді. Еглон аммондықтар мен амалектіктерді қасына жинап аттанып, Исраилге шабуыл жасады да, «Құрма ағаштарының қаласы» Иерихонды басып алды. Ехудтен кейін Анат ұлы Шамғар Исраилді жау қолынан құтқарды. Бірде Шамғар бұқа айдайтын, ұшы өткір істікпен алты жүз філістірдің көзін құртты.
Выбор основного перевода